• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:51:03
Алматы
+12°

17 Маусым, 2019 NEWS

Атырау қаласының әкімі: Жазғы демалыс жақсы өтуі тиіс

Қала әкімі орталықтарда орналасқан қалалық жағажайлар мен саябақтардың жағдайын тексерді

 
 
Қала әкімі орталықтарда орналасқан қалалық жағажайлар мен саябақтардың жағдайын тексерді, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
Бүгінгі күнде Атырау қаласының меншігінде 7 қалалық жағажай, оның 6-ы облыс орталығында орналасса, біреуі Геолог ауылдық округінде. Бүгінде санитарлық және аумағын тазалау жұмыстары басталды. Шомылу маусымына дейін жағажайлар толық дайын болады деп күтілуде. 
 
"Атыраудағы шомылу маусымы белгіленген уақытта ашылуы тиіс. Жағажай аумағы қоқыстар мен шынылардан толық тазартылуы қажет. Қала тұрғындарының жазғы демалысына ештене бөгет болмауы керек. Соның ішінде, кішкентай балалар жазғы демалысын өз қаласында мүмкіндігінше қолайлы өткізуі үшін жағдай жасауымыз керек", - дейді Әлимұхаммед Құттымұратұлы қол астындағыларына.
 
Сондай-ақ, қала әкімі қалалық саябақтар мен алаңдарды тексерді. Атап айтқанда, Атырау әкімі мәдениет және демалыс орындарын көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан Ретро-паркке барды. Жақын арада саябақ «Трава у дома» ЖШС-нің сенімді басқаруына берілген болатын. Мекеме 10 жыл ішінде баптау және көгалдандыру жұмыстарымен айналысады. 
 
"Ең алдымен, Ретро паркте субұрқақтар мен суару жүйелерінің жұмысын жоспарлау қажет, отырғызылған өсімдіктер мен ағаштар жазғы кезеңде жоғары температураға сәйкес суарылу керек. Бұл жерді гүлденген оазиске айналдыру керек", - дейді қала әкімі Ретро Парктің басшысы Татьяна Тегайға.
 
Айта кету керек, бүгінде Атырауда қаланы көгалдандыру бойынша МЖӘ жобасы аясында 16 саябақ және алаң, сондай-ақ облыс орталығының 39 көшесі қалпына келтірілген. Бұдан басқа, Атыраудағы алты алаңға 9 жаңа субұрқақ салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
АтырауАтырауАтырауАтырау
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір